Жаңалықтар

Мәжілісмендер Қарағандыда көшпелі отырыс өткізді

Мәжілісмендер Қарағандыда көшпелі отырыс өткізді
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі 30.09.2023 00:21 607

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті Қарағанды облысында көшпелі отырыс өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттар облыс тұрғындарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін нысандар – балалар үйлері, мектеп-интернаттар, арнайы емдеу мекемелерінде болды.

Мәжілісмендер әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталған заң жобасына бастамашылық жасады.

Оның мақсаты – арнаулы әлеуметтік қызметтердің бірыңғай стандарттарын жасау және білікті кадрлар тапшылығы мәселесін шешу.

Заң жобасы мұндай ұйымдарды лицензиялау, олардың басшыларын ротациялау стандарттарын қарастырады және қамқоршылық кеңестер басшыларына қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу тетіктерін айқындайды, - деді комитет төрағасы.

Мәжілісмендер Қарағандыда көшпелі отырыс өткізді

Отырысқа қатысушылар саланы жеткіліксіз қаржыландыру, материалдық-техникалық базаның әлсіздігі мен қаржы құралдарының жариясыздығы сынды негізгі проблемаларға тоқталды.

Мәжілісмендер жаңа Әлеуметтік кодекс аясында 2025 жылдан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтердің жан басына шаққандағы стандартын енгізу жоспарланып отырғанына және оның қолжетімділігі артатынына назар аударды.

Отырыс барысында айтылған ұсыныстар тиісті министрліктер мен Мәжіліс комитетінің алдағы жұмысында ескерілетін болады.

Депутаттар әлеуметтік қызмет көрсету саласын заңнамалық қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыратынын мәлімдеді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға