Жаңалықтар

Мәжіліске Нұрлан Қоянбаев немесе Бейбіт Әлібеков келуі мүмкін бе?

Мәжіліске Нұрлан Қоянбаев немесе Бейбіт Әлібеков келуі мүмкін бе?
Фото: instagram.com/koyanbayevnurlan 24.01.2024 14:55 1163

Мәжіліс кулуарында Respublica партиясының басшысы Айдарбек Қожаназаровтан отставкаға кеткен Динара Шүкіжанованың орнын кім басуы мүмкін екені сұралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Respublica партиясының тізімінде әзілкеш, тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев пен блогер Бейбіт Әлібеков  бар. Енді босаған орында солардың біреуі басуы мүмкін бе? Бұл сауалға Қожаназаров былай деп жауап берді.

Бізде партиялық тізім бар. Орталық кеңеспен жиналамыз деп жоспарлап отырмыз. Бір аптаның ішінде анықталады. Үміткерлер бар. Екеуінің (Әлібеков немесе Қоянбаев – ред.) Парламентке келуі екіталай. Дауыс береміз. Комитетке келетін басқа да жігіттер бар. Таңдаймыз, дәл қазір нақты айту қиын. Себебі әрқайсысының өз шаруасы бар. Динара Шүкіжанованың өз ұсыныстары болуы мүмкін, - деді Қожаназаров.

Айта кетейік, бүгін Мәжіліс депутаты Динара Шүкіжанованың өтініші бойынша оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға