Жаңалықтар

Мәжіліске Грузия Парламенті Мәдениет комитетінің төрағасы Элисо Болквадзе келді

Мәжіліске Грузия Парламенті Мәдениет комитетінің төрағасы Элисо Болквадзе келді
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі 09.12.2023 00:15 764

Мәжіліске Грузия Парламенті мәдениет комитетінің төрағасы Элисо Болквадзе келді. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов Қазақстандағы саяси өзгерістерге тоқталды. Ол елдер арасында парламенттік деңгейде сындарлы саяси диалог орнағанын атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Грузия арасындағы парламентаралық дәстүрлі байланыс жоғары деңгейде жүргізіліп келеді. Бұған біздің достық тобымыздың қызметі де ықпал етуде. Грузия делегациясының бүгінгі сапары осы қарым-қатынасты одан әрі нығайтатынына сенімдімін. Біз тиісті комитеттердің және фракцияаралық ынтымақтастықтың әлеуетін пайдалануға дайынбыз, - деді А.Аймағамбетов.

Сондай-ақ депутат екі елдің азаматтары халықтарының мәдениетіне үлкен қызығушылық танытып отырғанын айтты. Қазақстан Грузияға баратын туристер саны бойынша ТОП-10 елдің қатарында. Өткен жылы сіздерге 110 мыңға жуық Қазақстан турисі барып, 2 есеге жуық өсті.

Өз кезегінде Элисо Болквадзе ынтымақтастықты комитет деңгейінде меморандум арқылы нығайтуды ұсынып, Мәжіліс депутаттарын Грузияға шақырды. Ол Қазақстан мәдениетінің қарқынды дамып келе жатқанын және оның әлемдік аренадағы жоғары орнын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға