Мәжіліс жаңа заң жобаларын жұмысқа алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәжіліс комитеттері «ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға енгізілетін өзгерістер туралы заң жобасын, Құрылыс және Су кодекстерінің жобасын, сондай-ақ 10 жаңа заң жобасын жұмысқа алды. Олардың қатарында:
– Сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша түзетулер;
– Сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша заң жобасы;
– Дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша заң жобасы;
– ҚР аумақтық қорғанысы туралы заң жобасы мен ілеспе түзетулер;
– 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шарттың Одаққа мүше мемлекеттер өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асырған кезде қаржылай жәрдем көрсету бөлігіне өзгерістер енгізу туралы ратификациялық хаттама;
– Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы;
– Қазақстан мен Түркия үкіметтері арасындағы өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы;
– 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Ресей мұнайын Қазақстан аумағы арқылы Қытайға тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге түзету енгізу туралы ратификациялық хаттама.
Мәжіліс жаңа заң жобаларын жұмысқа алды
Оқи отырыңыз
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?