Жаңалықтар

Мәжіліс спикері академик Төрегелді Шармановпен қоштасу шарасына қатысты

Мәжіліс спикері академик Төрегелді Шармановпен қоштасу шарасына қатысты
Фото: t.me/mazhilis_kz 26.05.2024 14:20 473

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Мәжіліс спикері мемлекет және қоғам қайраткері, академик Төрегелді Шармановтың өмірден өтуіне байланысты қоштасуға арналған іс-шараға қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қоштасу рәсімінде Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының көңіл айту хатын оқып берді.

Төрегелді Шарманұлы бүкіл саналы ғұмырын ұлт денсаулығына арнаған бірегей тұлға, биік парасат иесі еді. Отандық медицинаның алға басуына бар қажыр-қайратын жұмсап, көптеген игі іске бастамашы болды. Қазақ тағамтану ғылымының көкжиегін кеңейтіп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ және басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық байланыс орната білді. Өзінің жаңаша мектебін қалыптастырып, ұлағатты ұрпақ тәрбиеледі. Айналасына сыйлы, ғибратты ғұмыр кешкен Төрегелді Шарманұлының жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады, – делінген Президенттің көңіл айту хатында.

Еске салсақ, біз бұған дейін медицина ғылымдарының докторы, гигиенист-нутрициолог ғалым, академик Төрегелді Шарманов өмірден өткені туралы жаздық.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға