Жаңалықтар

Мәжіліс сайлауына 4 саяси партия құжаттарын ұсынды

Мәжіліс сайлауына 4 саяси партия құжаттарын ұсынды
Фото: El.kz 07.02.2023 09:38 1222

Орталық сайлау комиссиясына 4 саяси партия құжаттарын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ОСК сілтеме жасап.

«6 ақпандағы жағдай бойынша ҚР Орталық сайлау комиссиясына келесі саяси партиялардың партиялық тізімдері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттар ұсынылды:

1.«Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі;

2. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі;

3. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» республикалық қоғамдық бірлестігі»;

4. «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігі», - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға