Жаңалықтар

Мәжіліс отырысы бір минут үнсіздіктен басталды

Мәжіліс отырысы бір минут үнсіздіктен басталды
Фото: El.kz 31.05.2023 10:36 488

Мәжіліс депутаттары жұмысын бір минут үнсіздікпен бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

31 мамыр – Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Нәубет жылдары ұлт тарихындағы қасіретке толы, ең ауыр кезеңдердің бірі. Сондықтан біз сол жылдары құрбан болған боздақтарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық, - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Айта кетейік, бүгін қазақ халқын орны толмас шығынға ұшыратқан ХХ ғасырдағы саяси нәубеттердің құрбандарын еске алу күні.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға