Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты Атырау облысының тұрғындарымен кездесті

Мәжіліс депутаты Атырау облысының тұрғындарымен кездесті
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі 10.01.2024 20:23 541

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Бақтықожа Ізмұхамбетов Атырау облысының Исатай ауданына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Депутат «Жайықмұнайгаз» ғимаратында жұмыс барысымен танысып, мұнайшылармен, аудан ардагерлерімен, зиялы қауым мен қоғамдық ұйымдар өкілдерімен кездесіп, қордаланған мәселелерді талқылады.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев отын-энергетика кешенінің Қазақстан экономикасында үлкен рөл атқаратынына баса назар аударды. Мемлекет басшысы мұнай-газ саласын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтіп, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың алдына бірқатар нақты міндет қойды. Сол қойған міндеттерді орындауда осындай кездесулердің маңызы зор, - деді Б.Ізмұхамбетов.

Жиын барысында аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ерболат Насимуллин бірқатар өзекті мәселе көтеріп, мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасына қатысты өз сауалын қойды. Атап айтқанда, кәсіпкерлерге мемлекеттік сатып алуда белгілі бір шектеу қойылып, тапсырысты тиянақты орындау үшін тек екі, үш немесе бес жобадан артық алмаса деген ұсыныс-тілегін жеткізді.

Сондай-ақ ардагер мұнайшы Кенжебай Сағынғалиев және Аққыстау ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожантай Сыдиқов та ұсыныстарын ортаға салды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға