Жаңалықтар

Майқайыңдағы құтқару жұмыстары қайта жалғасты

Майқайыңдағы құтқару жұмыстары қайта жалғасты
Фото: Видеодан кадр 03.02.2024 16:44 602

Кеніш түбінде автобус жатуы ықтимал жерді қазу жұмыстары қайта жалғасын тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мамандар ойықты зерттеп болды. Қазір экскаватор ойық түбіне қайта түсіріліп, кен жыныстарын қайта экскавациялау жұмыстарын жалғастырып жатыр»\, - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.

Құтқарушылардың сөзінше, ойық түбіндегі терең шұңқыр үлкен тастар мен кен жыныстарының бір орында үймеленіп қалуынан пайда болған. 

Айта кетейік,  ойық түбінде тереңдігі 3 метрдей болатын шұңқыр пайда болғанын жазған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға