Жаңалықтар

Майқайың кенішіндегі апат: Құтқару жұмыстарына қосымша техника жеткізілді

Майқайың кенішіндегі апат: Құтқару жұмыстарына қосымша техника жеткізілді
Фото: Павлодар облыстық ТЖД 11.01.2024 21:44 613

«Майқайыңалтын» АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстарына қосымша техника жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құтқару жұмыстарына шағын экскаватор жұмылдырылды. Оның жалпы салмағы - 3,5 тонна. Ауыр техника шұңқырдың түбінде қазба жұмыстарын жүргізетін болады.

Оқи отырыңыз: 

Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары шұңқырдың түбінде маркшейдер рейкасын орнату және автобустың болжамды орналасқан жерін сигналдық лентамен белгілеу бойынша жұмыстар жүргізді. Техниканың өтуі үшін бағаналы жолды кеңейту жұмыстары жалғасуда. Жалпы опырылған жерден 110 мыңнан астам тонна топырақ пен тау жыныстары шығарылды.

Жазатайым оқиғаның себептерін тергеу жөніндегі комиссияның жұмысы жалғасуда. Комиссия мүшелері жерасты тау-кен қазбаларына жерүсті опырылу әсерін анықтау мақсатында жерасты кенішін шахтаға түсіруді жүзеге асырды. Іздеу жұмыстарына барлығы 142 адам, 50 техника, 3 кинологиялық есептоп және 2   ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон) жұмылдырылды деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Еске сала кетейік, 4 қаңтар күні сағат 01:25 шамасында «Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы технологиялық автожолда жұмыс істемейтін шахтаның тазарту кеңістігіне автобус құлап, екі адам қаза тапты. Автобуста барлығы 4 адам болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға