Жаңалықтар

Майк Тайсон ерекше ұнататын жекпе-жегі жайлы айтты

Майк Тайсон ерекше ұнататын жекпе-жегі жайлы айтты
Фото: instagram.com/miketyson 13.06.2023 10:16 479

Ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы Майк Тайсон өзінің ерекше ұнататын жекпе-жегі жайлы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұрынғы чемпион америкалықтар Мохаммед Әли мен Ларри Холмс арасындағы айқасты бөле-жара айтқан. Бұл кездесу 1980 жылы 2 қазанда АҚШ-тың Парадайс қаласында өтіп, оныншы раундта Холмстың жеңісімен аяқталды. Осылайша Әли карьерасында төртінші рет жеңіліс құшты.

Келесі күні ұстазым Әлиге хабарласып: «Мына қапшыққа өзіңді ұтуға неге мүмкіндік бердің?» - деп ұрысты, - деп қосты Тайсон.

Әли ауыр салмақта рет абсолютті чемпион атанған. Ол бұл атағын 1964-1966 жылдар аралығында және 1974-1978 жылдар аралығында ұстап тұрды. Сонымен қатар Әли алты рет «Жыл боксшысы» атанды. Америкалықтың еншісінде 56 жеңіс және бес жеңіліс бар.  

Холмс ауыр салмақта Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC), Халықаралық бокс федерациясы (IBF) және The Ring нұсқалары бойынша чемпион болған. Ол 69 рет жеңіске жетіп (соның 44-і нокаутпен), алты рет жеңілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға