Жаңалықтар

Мәулен Әшімбаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Мәулен Әшімбаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
Фото: senate.parlam.kz 22.03.2023 15:06 1150

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан халқын әз-Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Құрметті достар! Баршаңызды Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Әз-Наурыз – қуаныш пен шаттықтың, жаңару мен жаңғырудың мерекесі. Тереңнен тамыр тартатын бұл мейрамды жақсылық пен жасампаздыққа ұмтылудың нышаны деп қабылдаймыз. Ұлыстың ұлы күнінде ұлттық құндылықтарымыз төрге шығып, салтымыз бен дәстүріміз дәріптеледі.

Шын мәнінде, халқымыз Наурыз айын жылдың басы деп қашанда ерекше көңіл-күймен қарсы алған. Осы күндері ағайын-туыстың басы қосылып, бұлақтың көзін ашу, ағаш отырғызу сияқты ізгі амалдар жасалған. Мұның бәрі – елдің ырысын арттырып, ынтымағын нығайтатын, ұрпақты татулық пен тазалыққа үндейтін игі істер», - деп жазды М.Әшімбаев Facebook-тегі жеке парақшасында.

Сенат спикері тағылымы зор, өнегесі мол осындай мерекеде әр шаңыраққа амандық пен бақ-береке тіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға