Жаңалықтар

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті қалай дамып жатыр

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті қалай дамып жатыр
Фото: gov.kz 31.07.2023 22:05 1150

Ұлттық ғылым академиясының делегациясы өңірлік ғылымды дамыту мақсатында Әуезов университетінде болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының делегациясы өңірлік ғылымды дамыту мақсатында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде болып, коммерцияландыруға дайын үздік жобалармен, ғылыми инновациялық инфроқұрылыммен танысты.
 
Академия  делегациясы алға қойған мақсаттары мен міндеттерін таныстырып, оңтүстік өңірдегі «Ғалымдар кузницасы» Әуезов университетінің ғалымдарынан үлкен үміт күтетіндерін айтты.

Өз кезегінде университет ғалымдары сұрақтарын қойып, біршама қордаланған мәселелерді қозғап, екі жақты пікір алмасты.
 
Делегация мүшелері бұл алғашқы іссапардың мақсаты оңтүстік өңірдің ғалымдарымен жақынырақ танысу,  алдағы уақытта тығыз қарым-қатынаста болып, бірлесе ғылымды дамытайық деген тілектерін айтты.

Кездесу соңында, дөңгелек үстел басында сұрақ-жауап, дискуссия, ұсыныстарды қабылдау, байланыс алмасу болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға