Жаңалықтар

Мәслихат сайлауына Respublica партиясы қатыса алмайды

Мәслихатқа кандидаттарын ұсыну 20 қаңтарда басталып, 8 ақпанға дейін жалғасады
Мәслихат сайлауына Respublica партиясы қатыса алмайды
Фото: El.kz 21.01.2023 13:11 1197

19 наурызда өтетін мәслихат депутаттарын сайлауға Respublica партиясы қатыса алмайды. Ал «Байтақ» жасылдар партиясының қатысуына шектеу бар, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

«Байтақ» саяси партиясы тиісті құрылымдық бөлімшелерінің болмауына байланысты, тек Атырау, Қарағанды және Қызылорда облыстарында мәслихат депутатын сайлауға қатыса алады. Respublica партиясы тиісті құрылымдық бөлімшелердің болмауына байланысты мәслихат сайлауына жіберілмеді», - деп түсіндірді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

«Байтақ» және Respublica партиялары осы кезеңде өңірлерде өз филиалдары мен өкілдіктерін ашып үлгерген жағдайда тиісті сайлауға қатысуға рұқсат ала алады.

Қазақстанның басқа бес саяси партиясы мәслихаттар сайлауына еш шектеусіз жіберілді. Осылайша, партиялық тізімдер бойынша сайланатын ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына мына партиялар қатысады:

- «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы;

- «AMANAT» партиясы;

- «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;

- «Байтақ» Жасылдар партиясы;

- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия;

- Қазақстан Халық партиясы;

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға