Жаңалықтар

Мәслихат сайлауына 1471 кандидат ұсынылды

Мәслихат сайлауына 1471 кандидат ұсынылды
Фото: gov.kz 09.02.2023 16:46 964

Бұл туралы ОСК кезекті отырысында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша барлығы 223 мәслихат – 3415 мандат ұсынылғанын айтты.

«Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша 20 мәслихат, 668 мандат, 334 партиялық тізім, 334 бірмандаттық аумақтық округтер бойынша, қалалар 37 мәслихат, 617 мандат, аудандар бойынша 166 мәслихат, 2130 мандат. Жүз пайыз бір мандатты аумақтық округтер бойынша», - деді.

Саяси партиялардың облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың , астананың мәслихаттарына партиялық тізімдер ұсынуға барлығы 119 партиялық тізім 1471 кандидат ұсынылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға