Мәслихат сайлауы: сайлаушылардың 45,46%-ы дауыс берді

Мәслихат сайлауы: сайлаушылардың 45,46%-ы дауыс берді
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Қазақстанда өтіп жатқан мәслихат депутаттарының сайлауында сағат 14:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 45,46%-ы дауыс берді.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, өңірлердегі сайлаушылардың дауыс беруге қатысу көрсеткіші төмендегідей:

  • Астана қаласы – 33,27%;

  • Абай облысы – 51,82%;

  • Ақмола облысы – 49,14%;

  • Ақтөбе облысы – 54,17%;

  • Алматы облысы – 51,36%;

  • Атырау облысы – 46,71%;

  • Батыс Қазақстан облысы – 46,12%;

  • Жамбыл облысы – 48,05%;

  • Жетісу облысы – 58,35%;

  • Қарағанды облысы – 44,76%;

  • Қостанай облысы – 46,21%;

  • Қызылорда облысы – 56,38%;

  • Маңғыстау облысы – 47,51%;

  • Павлодар облысы – 46,83%;

  • Солтүстік Қазақстан облысы – 43,74%;

  • Түркістан облысы – 56,91%;

  • Ұлытау облысы – 43,63%;

  • Шығыс Қазақстан облысы – 54,46%;

  • Алматы қаласы – 25,72%;

  • Шымкент қаласы – 32,74%.

Алдын ала мәліметтер бойынша, сайлаушылардың ең жоғары белсенділігі Жетісу, Түркістан және Қызылорда облыстарында тіркелді. Ал ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында байқалды.

Республика бойынша дауыс беру жалғасуда.

Оқи отырыңыз