Жаңалықтар

Мәскеуден Қазақстанға есірткі жібермек болған 2 адам ұсталды

Мәскеуден Қазақстанға есірткі жібермек болған 2 адам ұсталды
Фото: ҰҚК 12.06.2024 17:46 314

Ұлттық қауіпсіздік комитеті көршілес мемлекеттердің арнайы қызметтерімен бірлесіп, халықаралық есірткі трафигінің арнасының жолын кесті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

250 литр «метамфетамин» есірткі заты түріндегі заңсыз жүк түрлі брендтердің сусындарында жасырылып, Қазақстан аумағы арқылы транзитпен Ресейге бағытталған. Өзара әрекеттестік нәтижесінде Мәскеу облысында аталған тауарды беру кезінде трансұлттық есірткі тобының 2 мүшесі ұсталды.

Сондай-ақ, ұсталған адамдардан сұйықтықтан есірткі алуға арналған жабдық тәркіленді. Ағымдағы жылдың басынан бері ҰҚК шетелдік әріптестермен бірлесіп 19 халықаралық есірткі арнасының жолын кесті, заңсыз айналымнан 400 кг астам есірткі заттары мен 4 тонна көкнәр сабаны тәркіленді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға