Жаңалықтар

Мәскеудегі қазақстандықтар дауыс беріп жатыр

Халық сайлауда белсенділік танытып жатыр
Мәскеудегі қазақстандықтар дауыс беріп жатыр
Фото: El.kz 20.11.2022 17:16 1264

ҚР шет өкілдіктерінде 53 елде 68 учаске бар. Олар таңнан бері дауыс беруге кірісті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Белгілі экономист Бауыржан Ысқақов «Болашақ» бағдарламасымен Мәскеуде білімін жалғастырып жатыр. Айтуынша, таңнан бері Қазақстандық азаматтар белсенділік танытып, азаматтық парызын орындап жатыр.

«Таңнан бері №265 сайлау учаскесі өз жұмысын бастап кетті. Сайлау учаскесі ҚР Мәскеудегі елшілігінің жанында орналасқан. Жоспар бойынша 2 мыңнан азамат дауыс беру керек. Дәл қазір Мәскеу уақыты 14.00 болды. Сол уақыттан бері 700-ге жуық азамат дауысын беріп кетті. Мен саяси додада азаматтық міндетімді орындап, Әділетті Қазақстан үшін дауыс бердім», - дейді экономист.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға