Жаңалықтар

Мәскеуде су құбыры жарылып, салдарынан төрт адам көз жұмды

Мәскеуде су құбыры жарылып, салдарынан төрт адам көз жұмды
Фото: Әлеуметтік желі 23.07.2023 07:22 837

Мәскеудегі "Времена года" сауда орталығында қайнаған су ағып тұрған су құбырынан ақау шығып, 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәскеудің батысында орналасқан сауда орталығында ыстық су құбыры бұзылды. Апатқа не себеп болғаны әзірге айтылған жоқ. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, сауда орталығында эвакуация дабылы да қосылмаған.

Оқиға салдарынан төрт адам қаза тапты. Барлық қаза тапқандар гипермаркет қызметкерлері екен. Тағы бірнеше адамды күйік шалған.

БАҚ өкілдері тоғыз адам ауруханаға жатқызылғанын жазуда.

Тергеу комитеті Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 238-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғады. Оқиға орнында тергеушілер мен криминалистер жұмыс істеп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға