Жаңалықтар

Мәселе формада емес, басты мақсат – Қазақстанның туын желбірету – Махмұд Сабырхан

Мәселе формада емес, басты мақсат – Қазақстанның туын желбірету – Махмұд Сабырхан
Фото: ©Нұрғали Жұмағазы 27.09.2023 10:19 1218

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында бокстан 57 келіге дейін салмақта Махмұд Сабырхан алғашқы кездесуін жеңіспен бастады. Жарыстан кейін боксшы тілшілердің сауалына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

- Азия ойындарындағы алғашқы кездесуімді кореялық  Ичань Лиммен өткіздім. Бұл боксшы бұрыннан 57 келіде жүр. You Tube-тен кездесулерін қарадым. Сөйтіп бапкеріммен отырып тактика құрдым. Енді келесі қарсыласқа дайындаламыз.

- Ашық бокстасуға тырысқаның байқалды...

- Бар күшімді салмадым. Есепте алда болған соң, тактикалық тұрғыда алдап ойнауға тырыстым.

- Алғашқы раундта бір төреші жеңісті қарсыласқа берді. Мұны байқадың ба?

- Ол жағын көрмей қалдым. Ағайларым жеңіп жатқанымды ескертті.

- Ичань Лим бұрын-соңды қазақ боксшыларымен шаршы алаңда жұдырықтасқан ба?

- Қазақ боксшыларымен жолықпаған. Мен алғаш рет кездесіп отырмын.

- Келесі жекпе-жектерің туралы не айтасың?

- Кез келген қарсыласқа дайынмын.

- Әлеуметтік желіде спортшыларға берілген киім формасына қатысты әртүрлі әңгіме тарап жатыр...

- Аллаға шүкір, керемет. Instagram-нан көріп қалдым. Шағым жасап жатыр екен. Кейбір елдер бұдан да жаман спорттық формаларымен жүр. Оның қасында біздікі шүкір. Zibroo-ға көңілім толады. Мәселе формада емес, басты мақсат Қазақстанның туын желбірету ғой.

- Кез келген боксшыға бірінші жекпе-жек көбіне қиындау соғады ғой?

- Иә, алғашқы кездесуімде ауырлау қимылдадым. Енді біртін-біртін ширай береміз ғой.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@el.kz)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға