Жаңалықтар

Мас күйдегі астаналық тұрғын қарт анасын бопсалаған

Мас күйдегі астаналық тұрғын  қарт анасын бопсалаған
Фото: polisia.kz 23.02.2023 15:37 589

“102” арнасына елорданың 64 жастағы тұрғынынан 35 жастағы ұлы үйде жанжал шығарып, қорлағаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Астаналық мас күйде үйге келіп, қарт анасынан өзіне алкогольдік ішімдік сатып алу үшін ақшаны қорқытып алмақшы болғаны анықталды. Алайда, егде жастағы әйел ақша беруден бас тартқаннан кейін, ол үйде жанжал шығарып, анасына қатысты балағат сөздер айта бастаған.

Сонымен қатар оның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлап, оған психологиялық зорлық-зомбылық көрсеткен. Белгілі болғандай, бұрын ер адам бірнеше рет жауапқа тартылған, бірақ дұрыс жолға ақыры түспеген.

Аталған дерек Алматы ауданы ПБ учаскелік инспекторы Жандос Алкожаев құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 2-бөлігі (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту мақсатында елордалық полиция департаментінің қызметкерлері әрбір учаскені барынша пысықтауды жүргізеді.

Астана қаласының Полиция департаменті егер сіз зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға “102” телефоны немесе әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің сенім телефоны 8-(7172)-71-60-63 арқылы хабарласуыңыз қажет екенін хабарлайды, полиция қызметкерлері сізге консультативтік-құқықтық көмек көрсетеді.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға