Жаңалықтар

Марқұм Шерзат Болаттың соты: сотталушының азапталғаны рас па?

15.05.2025 16:21 498
Марқұм Шерзат Болаттың соты: сотталушының азапталғаны рас па?

Талдықорғанда өтіп жатқан сот процесі кезінде сотталушылардың бірі Нұрбол Тоқтаубаев бұрынғы берген жауабынан бас тартып, тергеу барысында адвокаттық көмек көрсетілмегенін, қысым жасалғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол полиция өзіне қарсы күш қолданғанын болғанын мәлімдеді.

Полиция мен жедел қызметкерлер қысым көрсетті, ұрып-соқты. Полиция бөліміне кірген сәттен бастап жауап алу аяқталғанға дейін таяқ жедік. Қысқаша айтсам, киноға түсіреміз деп алып шығып, біреудің үйіне кіргізді. Сол жерде де ұрып-соқты. Полиция басқармасында өткен-кеткеннің бәрі күш көрсетіп, не айту керектігін мәжбүрлеп талап етті. Қаржаубай да келіп, балағаттады, қоқан-лоқы көрсетті, ұрды. Бұл жағдайды растайтын куәгерлер де бар, — деді ол.

Сот отырысында Тоқтаубаевтың адвокаты азаптау фактісі бойынша жеке шешім шығаруды сұрады. Алайда прокурор бұл мәселеге қатысты шешімнің бұрын қабылданғанын және оның келесі отырыста жарияланатынын хабарлады. Нәтижесінде, судья адвокаттың өтінішін қанағаттандырмады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға