Жаңалықтар

Мароккодағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1 мыңнан асты

Мароккодағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1 мыңнан асты
Фото: aa.com.tr 10.09.2023 01:20 704

Мароккодағы жер сілкінісінен құрбан болғандар саны 1 мың адамнан асты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Марракеш қаласында болған магнитудасы 7 балл жер сілкінісі ел тарихында соңғы жүзжылдықта орын алған ірі зілзала ретінде бағаланды.

Анадолуның мәліметінше, табиғи апаттан 1037 адам көз жұмса, 721 адам зардап шеккен.

Марракеш және Агадир қалаларында ғимараттардың бүлінген жағдайлары тіркелген.

Марокконың әскери қызметшілері, жергілікті әкімшіліктер, қауіпсіздік күштері мен азаматтық қорғау жасақтары іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр, апат аймағына гуманитарлық көмек жеткізу үшін барлық күш-жігер жұмылдырылды.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жер сілкінісі Рабатта, сондай-ақ  Касабланка, Мекнес, Агадир және Фес қалаларында сезілген.

Марокконың ұлттық геофизика институты жер сілкінісінің ошағы Марракеш-Эль-Хауз өңірінде орналасты деп отыр.

Күшті зілзаладан кейін жүздеген афтершок тіркелген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға