Жаңалықтар

Мароккода үш күндік аза тұту жарияланды

Мароккода үш күндік аза тұту жарияланды
Фото: aa.com.tr 10.09.2023 22:48 510

Мароккода жойқын жер сілкінісінің салдарынан мыңнан астам адамның қаза табуына байланысты үш күндік аза тұту жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үш күн бойы африкалық мемлекетте ту төмен түсіріледі.

Мароккалық Марракеш қаласында 9 қыркүйекке қараған түні 7 балдық жойқын жер сілкінісі орын алған болатын. Зілзала соңғы онжылдықта ел тарихында орын алған ең жойқын апат болып отыр.

Мароккодағы жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 1305 адамға жетті. 1832 адам жараланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға