Жаңалықтар

Мароккода тағы да жер сілкінді

Мароккода тағы да жер сілкінді
Фото: © AFP 11.09.2023 04:32 590

Мароккода жер сілкінісінен кейін сейсмикалық афтершок тіркелді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Оның магнитудасы – 4,5 балл. Тұрғындардың айтуынша, жерасты дүмпулері бірнеше мәрте қайталанған.

Айта кетейік, 8 қыркүйек күні Марракеш қаласынан 80 шақырым жерде қуаты 6,9 балл зілзала болды. Одан 2012 адам көз жұмды. Тағы осынша адам жарақат алды. Билік өкілдері таратқан ақпар бойынша 1,5 мыңға жуық азаматтың жағдайы өте ауыр. Апат құрбандарының саны алдағы уақытта артуы мүмкін. Өйткені құтқарушылар әлі кейбір шалғайдағы аудандарға жете алмай жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға