Жаңалықтар

Марихуана өсірген Талдықорған тұрғыны ұсталды

Марихуана өсірген Талдықорған тұрғыны ұсталды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 27.06.2023 20:07 918

Талдықорған тұрғынынан есірткі заттары бар өсімдіктің 80 бұтасы тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, Талдықорғанда марихуана өсірді деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды.

Ұсталған адамның жеке тұрғын үй учаскесінде құрамында есірткі заттары бар өсімдіктердің 80-нен астам бұтасы табылды. Марихуана өсірілген учаскеде жерді қопсыту, суару сияқты күтім жұмыстары жүргізіліп отырылған. Сондай-ақ ер адамның бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға