Жаңалықтар

Марат Қарабаев Арменияның Қазақстандағы Елшісімен кездесті

Марат Қарабаев  Арменияның Қазақстандағы Елшісімен кездесті
Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі 20.02.2024 00:35 418

Көлік министрі Армения Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында Марат Қарабаев пен Армен Геворгян Қазақстан мен Арменияның теміржол және автомобиль көлігі, әуе қатынасы және теңіз порттары саласындағы ынтымақтастық шеңберіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Қазіргі уақытта екі ел арасындағы халықаралық автотасымалдар тасымалдауды ұйымдастырудың рұқсатсыз жүйесін көздейтін 2006 жылғы үкіметаралық келісіммен реттеледі. 2022 жылдың қорытындысы бойынша жалпы жүк айналымы 4 120 тоннаны (12,6 млн АҚШ доллары) құрады. Өткен жылы тасымалданған жүк объектілері 5 133 тоннаға (27 миллион доллар) дейін арта түсті. Оның ішінде, дайын тамақ өнімдері, қара және түсті металдар, машиналар, механизмдер мен жабдықтар бар.

Мемлекеттер арасында теміржол экспорттық-импорттық және транзиттік тасымалдар жүзеге асырылмайды. Авиация саласында SCAT компаниясы Ақтау - Ереван бағыты бойынша аптасына 2 рейс орындайды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар көлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нығайтуға дайын екендіктерін растады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға