Жаңалықтар

Марат Байкамуров Астанада Grand Slam турнирінің қола жүлдесін иеленді

11.05.2025 18:05 695
Марат Байкамуров Астанада Grand Slam турнирінің қола жүлдесін иеленді

Марат Байкамуров Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отандасымыз -100 келі салмақта сынға түсіп, ширек финалға дейін жеткен еді. Ол қола жүлде үшін күресте Ливан балуаны Карамноб Сагаиповты жеңді.

Байкамуров бүгін алғашқы кездесуде Болгария балуанын, екінші айналымда IJF өкілінен басым түсті. Ал ширек финалда Италия балуанын қапы қалдырып, жартылай финалға өтті. Алайда финалға шығар жолда ол Швейцария балуанынына жол берді.

Астанада Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің соңғы жарыс күнінде Қазақстан ұлттық құрамасынан 14 балуан татамиге шыққан болатын.

Бұған дейін қазақстандық дзюдошылар арасынан Ғұсман Қырғызбаев (-66 келі) пен Талғат Орынбасар (-60 келі) күміс, ал Мағжан Шамшадин (-60 келі), Аман Бақытжан (-60 келі), Есет Қуанов (-73 келі) және Абылайхан Жұбаназар (-81 келі) қола жүлде иеленді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға