Жаңалықтар

“Мақтануға қорқамын”. Гүлзира Айдарбекова екінші келіні туралы жазды

“Мақтануға қорқамын”. Гүлзира Айдарбекова екінші келіні туралы жазды
Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova 06.09.2023 17:27 1176

Продюсер Гүлзира Айдарбекова ортаншы ұлы Аянның келіншегі Айгерімді туған күнімен құттықтады. Ол желідегі парақшасына жүрекжарды тілегін қалдырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айналдым ақ келінімнен! Жаным сол, бүгін сенің туған күнің! Алла саған ғұмырлы да мәнді ұзақ өмір жазсын! Менің түсінгенім, өмірлік жарын жүрегінің пәктігімен шын сүйген келін, күйеуінің ата-анасын, өзінің ата-анасындай, оның бауырларын өз бауырындай уақыт келе қабылдай біледі екен. Ата-анаға деген құрметті бізге сезіндіре алғаның үшін, бізге деген жылылығың үшін біз сені отбасымызбен жақсы көреміз. Оны бақылап отырған оқырмандарым да сені көп мақтай бермесем де байқап жатқандары шындық.

Гүлзира Айдарбекова келінін мақтауға тұрарлық болса да, мақтамайтынын айтқан. Себебі тек көз тимесе екен деген ниеті болған.

Азғырушылар да аз болған жоқ, бірақ соның бәріне жол бермей, даналығын айтып, тектілігімен көрсетіп, тәрбие беріп отырған, сені өмірге алып келген Дана құдағиыма, Алихан құдамызға мың алғыс! Аян екеуің 100 жасап, ұрпақтарыңның бақытын көруді жазсын Алла, - деп құттықтауын білдірді Гүлзира ханым.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға