Жаңалықтар

Маңғыстаулықтар Наурыз мейрамын ерекше атап өтті

Маңғыстаулықтар Наурыз мейрамын ерекше атап өтті
Фото: mangystaumedia.kz 22.03.2024 20:18 344

Маңғыстауда  Ұлыстың ұлы күні- Наурыз мейрамы ерекше атап өтіліп жатыр. Биыл дүбірлі думан  Мемлекет басшысының шешімімен бекітілген Наурызнама онкүндігі тұжырымдамасы аясында жыл басы - Амал мейрамынан бастап 10 күнге жалғасты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңірлік қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

‌Ел аумағында жаңа форматта тойланған жасампаздық нышанындай Жаңа жыл — әз-Наурыз мейрамы Маңғыстау өңірін де  ерекше атап өтілді. Теңіз жағалай 30- ға жуық ағаш үй тігіліп, ақ дастархан кеңінен жайылды. Мерекеде  жағалауда серуендеген халыққа қазақтың ұлттық тағамдары, атап айтсақ балқаймақ, құрт, бауырсақтар ұсынылды.    Қазақы нақышпен безендірілген киіз үйлерге бас сұғып, ұлттық тағам түрлерінен дәм татқан жұртшылық  суретке түсіп, мәре-сәре болысты. Сондай-ақ, арнайы  концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Амфитеатр аспанында халық әндері әуеледі. 

Сонымен қатар, ұлттық ойындар ұлықталып, атап айтсақ гір тасын көтеру,  ләңгі тебу,  арқан тарту сынды сайыстарға халық белсене атсалысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға