Маңғыстаулық саяхатшы велосипедпен шыққан сапарының алғашқы кезеңін аяқтады

Маңғыстаулық жиһанкез Рәббім Борашев велосипедпен шыққан сапарының 10-шы күнінде Самарқан қаласына жетіп, өзінің саяхатының алғашқы кезеңінің аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otpannews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы жиһанкездің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.
Сонымен TURKSOY 2025 арналған велосаяхатымның алғашқы кезеңін осы Самарқан қаласымен яқтадым. Құдай қаласа екінші және үшінші кезеңдерін жазда және күзде жалғастырамын, - деді Рәббім Борашев.
Естеріңізде болса, жерлесіміз 6 сәуір күні «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәдени жылының аясында түркі мемлекеттерін велосипедпен аралауға шыққанын хабарлаған еді. Ол сапар барысында Қоңырат-Хиуа-Үргеніш-Самарқанд-Ташкент-Түркістан-Тараз-Бішкек-Алматы-Ашхабад қалаларын басып өтіп, барлығы 4500 шақырымды бағындыруды көздейтінін атады.
