Жаңалықтар

Маңғыстаулық өнерпаздар Қытайда өтіп жатқан фестивальге қатысты

Маңғыстаулық өнерпаздар Қытайда өтіп жатқан  фестивальге қатысты
Фото: Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасы 27.02.2024 21:53 349

Маңғыстаулық өнерпаздар Қытайда өтіп жатқан мәдени іс-шараға қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңірдің мәдениет басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қытай Халық Республикасының  Шаньси провинциясы Тайюань қаласы Цинсюй округі халықтық үкіметінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Айдаһардың гүлденген ғасыры, бақытты, қуанышты Цинпру жылы» атты мәдени іс-шараға Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының «Ақшағыл» этно-фольклорлық ансамблі,  «Жорға» би ансамблі, сондай-ақ әншілер Алпысбек Оңайбай, Фариза Ретбаева, Нұрым Асқанов аттанды. 

Бұл фестиваль Қытайда 11-ғасырдан бері тойланады. Биыл Қазақстан, Испания, Франция сияқты әлемнің түкпір-түкпірінен өнерпаздар 4 миллион тұрғыны бар Тайюань қаласына жиналды. 

Олар екі күн бойы арнайы парадпен Тайюань қаласын аралады. Шетелдіктерге қазақтық  ұлттық аспаптары мен ұлттық киімдерін көрсетуді мақсат еткен маңғыстаулықтар да өз өнерлерін паш етті. Қазақ әндерін орындап, ұлттық биді мың бұрала биледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға