Жаңалықтар

Маңғыстаулық мүмкіндігі шектеулі спортшылар Мәскеуден олжалы оралды

Маңғыстаулық мүмкіндігі шектеулі спортшылар Мәскеуден олжалы оралды
Фото: instagram.com/mangystau_oblysynyn_akimdigi 11.12.2023 07:24 538

Маңғыстауда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында ат спорты бойынша ашық кубоктың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін күтіп алды, EL.kz ақпарат агенттігі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақтауда өңір басшысы Нұрлан Ноғаев мүмкіндігі шектеулі жандар арасында ат спорты бойынша Данте Хопери атындағы Ашық кубокта 2 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алған Маңғыстау параатлеттерімен кездесті. Жарыс Мәскеуде 2-11 желтоқсан аралығында өтті. 

Жарысқа Маңғыстау облысынан төрт паралимпиадалық спортшы қатысты. I дәрежелі Дерби деңгейінде Айбек Тілеуов пен Ақылбек Нұрғалиев B трейлінде алтын медаль жеңіп алды. А тестінде өнер көрсеткен Хасан Жарылғасов күміс, ал Ерканат Қарымсақов төртінші орын иеленді. Айта кетейік, Айбек Тілеуов паралимпиадалық ат спорты бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі.

Спортшылардың жаттықтырушысы Самат Әлен маңғыстаулық спортшылар табандылық пен жеңіске деген жігер танытып, жүлделі орындарды иеленгенін атап өтті.

Әуежайда спортшыларды қарсы алу кезінде облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдегі паралимпиадалық спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ризашылығын білдірді.

Сіздер нағыз чемпиондарсыздар! 120 – дан астам спортшы арасында осындай керемет нәтижелерге қол жеткізу-үлкен жетістік. Сіздердің жетістіктеріңіз дайындық пен табандылық, күш-жігер арқылы жеңіске жетуге болатынының дәлелі. Біздің паралимпиадалық спортшылардың әрқайсысы жеңімпаз атағына лайық. Жыл сайын біздің өңірде параспортты қолдау шаралары күшейіп келеді және біз осы саланы одан әрі дамыту үшін барлық қажетті жағдайларды жасауды жалғастырамыз. Біз сіздердің әрқайсыларыңызды мақтан тұтамыз, - деп атап өтті өңір басшысы Нұрлан Ноғаев.

Айта кетейік, жарыстан оралған паралимпиадалық спортшылар «Өзен Самғау» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған иппотерапия сабағының қатысушылары. Олардан басқа мұнда тағы 30 адам бар.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың соңында ат спорты бойынша паралимпиадалық спортшылар Шығыс Қазақстан облысында өткен республикалық турнирде алтын және күміс медальдарға ие болды.

Маңғыстауда барлығы мыңға жуық адам паралимпиадалық спорттың 13 түрімен жүйелі түрде айналысады, оның ішінде 45 адам ұлттық құрама сапында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға