Жаңалықтар

Маңғыстаулық дәрігерлер асқазан-ішек жолындағы қан кетуді заманауи эндоскопиялық әдіспен тоқтатты

Маңғыстаулық дәрігерлер асқазан-ішек жолындағы қан кетуді заманауи эндоскопиялық әдіспен тоқтатты
Фото: ©El.kz/Марат АМИРОВ 27.12.2023 05:29 497

Маңғыстаулық дәрігерлер асқазан-ішек жолындағы қан кетуді заманауи эндоскопиялық әдіспен тоқтатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының қабылдау бөліміне шұғыл түрде 1963 жылы туған науқас келіп түсті. Кезекші хирург-дәрігерлер науқасқа диагностикалық видеодуоденоскопия арқылы белгісіз этиологиялы асқазан-ішек жолдарынан қан кетуді анықтады. Дәрігерлер жедел түрде заманауи эндоскопиялық әдіспен сәтті ота жасады.

Дәрігерлердің айтуынша, науқасқа 20 жыл бұрын 12 елі ішек жарасынан қан кетуге байланысты Бильрот-2 ашық (лапаротомдық доступ) операциясы жасалған.

Науқастан Бильрот -2 операциясынан кейінгі жағдай, асқазанның дистальды, сонымен қатар 12 елі ішек резекциясы мен анастомоз жалғанған аш ішектің әкелер-әкетер тұзақ тұсында жараның жалғасқан қан кету белгілері анықталды. Хирург және эндоскопист мамандардың консилиум өткізді. Нәтижесінде науқаста басынан өткізген операциялық араласумен, жас ерекшеліктерін ескере отырып, диагностикалық ВЭГДС,  гемостаз мақсатында оперативті эндоскопияға (аз-инвазивті хирургиялық араласу) көшу ұйғарылды. Осылайша, асқазан дистальды резекциясымен аш ішек анастомоз тұзағы бойындағы жарадағы жалғасқан қан кету тамырына 2-клипсы «Сlips hemostasis» (Эндостарс компаниясының) салынып, гемостаз жасалды. Замануи  технологиялық әдістердің арқасында науқасқа күрделі ашық операциясы жасалған жоқ, - дейді Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының эндоскопист-дәрігері Бауыржан Танауов.

Науқас хирургия бөлімінде консервативтік емін жалғастырды. Жағдайының тұрақталуына байланысты ауруханадан емдік ұсыныстар бойынша шығарылды.

Отаға эндоскопист Б. Танауов, хирург Қ. Қарынбаев, С. Кубланов, Е. Есекеев қатысты. Айта кетейік, жоспарлы операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, ал шұғыл ота медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша жүргізіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға