Жаңалықтар

Маңғыстауға Құлсарыдан көшірілген тұрғындардың көбі үйлеріне қайтты

Маңғыстауға Құлсарыдан көшірілген тұрғындардың көбі үйлеріне қайтты
Фото: ТЖМ 25.04.2024 02:21 322

Құлсарыдағы су тасқыны кезінде Маңғыстауға көшірілген тұрғындардың ішінде тек мыңнан астамы ғана эвакуациялық пукнкттерде тұрып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Маңғыстау облысы әкімдігінің мәліметі бойынша бүгінде өңірде жиырма эвакуациялық пунктте мыңнан астам құлсарылық тұрғын уақытша орналасқан.

Облыс бойынша арнайы ашылған 20 эвакуациялық пункт тұрақты түрде жұмыс істеп тұр. Олардың барлығында 1067 адам тұрып жатыр. Жалпы, өңір бойынша эвакуациялау орталықтарында 12 мың орын бос орын бар, - деді Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ақтау қаласы бойынша эвакуациялық орталықтарда Атырау облысынан су тасқыны кезінше көшірілген 600-ден астам тұрғындар жайғасқан. 

Ақтау аумағындағы эвакуациялық қабылдау пункттерінде 619 адам уақытша қоныстанған, - деді Ақтау қаласы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі бас инспекторы Манарбек Мұханбетов.

Қазіргі уақытта Бейнеу ауданына эвакуацияланған Құлсары тұрғындары өз үйлеріне орала бастаған. 

Бейнеу ауданы бойынша Боранқұл ауылында “Орда”кемпингі, “Керуен” кемпингі, “Нобилис” ЖШС жатақханасы мен “Мөлдір” кафесінде барлығы 55 адам тұрып жатыр. Бейнеудегі “ҚазАвтоЖол” АҚ мекемесінің жатақханасы мен “Арай” қонақүйінде 14 адам бар. Ал Бейнеу орталық ауруханасында 26 адам уақытша орналасты. Жалпы, Бейнеу ауданында эвакуацияланған 4142 адам қалды, - деді аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы Назарбек Кәдір.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысында су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау тоқтатылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға