Жаңалықтар

Маңғыстауға келетін туристер саны артқан

Маңғыстауға келетін туристер саны артқан
Фото: © СЦК 02.06.2023 12:39 891

Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Облыс әкімінің сөзінше, мұнайға тәуелділіктен арылу үшін жаңа бағыттарды жүзеге асыру қажет. Маңғыстау облысының орналасқан жері қолайлы және еліміздегі теңіз қақпасы екенін ескеріп, логистиканы, инфрақұрылымды дамыта отырып, туризм, ауыл, балық шаруашылығын жандандырмақ ниетте.

Облысқа келетін туристердің саны да және туристік объектілердің көрсететін қызметтерінің көлемі де жылдан-жылға артып келе жатыр. 310 мың турист келді деп дерек беріп отырмыз. Десе де бұл біздің ресми қонақ үйлерде орналасқан туристер саны екенін ескеру керек. Мұның сыртында өзінің ағайын-туысына және ескертусіз келіп, пәтерлерді жалға алып, өздерінің демалыс орындарын ұйымдастыратын туристердің санын ескерсек, басқаша сан шығады, – дейді облыс әкімі.

Өткен жылы 4 жоба іске асып, жалпы құны 1 миллиард 100 мың теңгені құрады. Соның ішінде 80 жаңа жұмыс орны ашылған екен. Әкім бұл істің биыл да жалғасын табатынын айтты.

Биыл 76 миллиард теңгеге 130 жаңа жұмыс орнын ашатын екі жобаны және басқа да жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Бүгін әуе және теміржолмен келетін жолаушылар саны да артып отыр, – дейді Нұрлан Ноғаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға