Жаңалықтар

Маңғыстаудағы Бозжыраға баратын жолды салу кейінге қалдырылды

Маңғыстаудағы Бозжыраға баратын жолды салу кейінге қалдырылды
Фото: Akorda.kz 27.05.2023 09:41 426

Маңғыстауда Бозжыра шатқалына дейін жол салынбайтыны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған жобаға бюджеттен әлі күнге қаржы бөлінбеген. Қарақия аудандық әкімдігінің мәліметі бойынша, биыл Бозжыраға дейін ұзындығы 35 шақырымдық жол салу жоспарланған. Тіпті, жобалық-сметалық құжатын әзірлеуге 14 миллион теңге қарастырылған болатын. 

Жол құрылысы белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды. Өйткені бюджеттен аталған жол құрылысына қаражат бөлінбеген, - деп жазылған әкімдік таратқан ақпаратта.  

Жол салуға қатысты деректі Маңғыстау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы растап отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға