Жаңалықтар

Маңғыстауда жұмысшы жастар арасында «Жігіт сұлтаны» байқауына іріктеу өтеді

Маңғыстауда жұмысшы жастар арасында «Жігіт сұлтаны» байқауына іріктеу өтеді
10.11.2023 21:28 582

Маңғыстау облысында жас мамандардың бастамаларын қолдап, шығармашылығын дамытуға орай 18-35 жас аралығындағылар арасында «Жігіт сұлтаны» байқауы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жұмысшы жастар арасындағы сайыс өңірдегі жұмысшы жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталып отыр. Бұл орайда байқауға қатысушылар тек Маңғыстау облысының жұмысшы жас мамандары болуы тиіс. Сонымен бірге, қатысушының бойы 1,75 см жоғары және салмағы 65-90 кг аралығында болуы аса маңызды.

Қатысушылардың қатысу туралы өтінімі 13 қарашаға дейін Ақтаудағы жастар орталығында қабылданады. «Жігіт сұлтаны» іріктеу арқылы өткізілетіндіктен әр мекемеден тек 2 қызметкер ғана қатыса алады. Бұл сын 17 қарашада сағат 14.00-де Жастар орталығында өтпек. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға