Жаңалықтар

Маңғыстауда желтоқсанда саңырауқұлақ өсіп жатыр

Маңғыстауда желтоқсанда саңырауқұлақ өсіп жатыр
Фото: facebook.com/mzhetekbaev70 04.12.2023 11:43 789

Маңғыстау облысында желтоқсанда шыққан саңырауқұлақ жергілікті тұрғындарды таңғалдырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы маңғыстаулық әріптесіміз Мұрат Жетекбай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Табиғат биылғы қыста қызық мінез көрсетуде. Аулада құмырсқалардың қыбырлап жүргеніне таңырқап отырып тағы бір қызыққа тап болдым. Желтоқсанда жерді жарып шыққан саңырауқұлақты бірінші рет көруім. Бұл ненің белгісі? – деп жазды ол.

Маңғыстауда желтоқсанда саңырауқұлақ өсіп жатыр

Маңғыстауда желтоқсанда саңырауқұлақ өсіп жатыр

Мамандар биылғы қыс ерекше жылы болатынын бұған дейін айтқан. Өткенде Түркістан облысында бақбақ гүлдеп жатқаны да көпшілікті таңғалдырып еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға