Жаңалықтар

Маңғыстауда жастар көбіне мұнайшы болғысы келеді, бұл дұрыс емес - Тоқаев

Маңғыстауда жастар көбіне мұнайшы болғысы келеді, бұл дұрыс емес - Тоқаев
Фото: © iStock 19.04.2023 11:01 977

Мемлекет басшысы Жаңаөзендегі жарылысқа байланысты Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа тапсырма берді.

Бұл жерде 12 пәтерлік екі кіреберісі бар үйде жарылыс болып, қазіргі таңда құрылған комиссия себебін анықтап, салдарын жою бойынша іс-шаралар атқарып жатыр. «ҚазМұнайГаз» мекемесі зардап шеккен азаматтарға тұрғын үй алып беру жөніндегі міндеттерді алды. Бүгінде зардап шеккен және ауруханадағы азаматтарға медициналық және психологияқ көмек беріп, уақытша тұратын жерлерін ұйымдастырып жатырмыз. Барлық шаралар толыққанды жүзеге асады, - деді әкім Ноғаев.

Мемлекет басшысы Жаңаөзен мұнай-газға қарап отырған қала екендігін атап өтіп, жергілікті жастардың өзге салаларды меңгеруіне жағдай жасау керектігін айтты.

Осы құжатты жүзеге асыру қажет. Үкімет бүл жұмысқа жауапты болады. Батыста, әсіресе, Маңғыстауда жастар көбіне мұнайшы болғысы келеді. Бұл дұрыс емес. Мұнай қоры таусылғанда, аймақтағы жағдай күрделеніп кетуі мүмкін. Сондықтан жастардың басқа да кәсіпті игеруіне жағдай жасауымыз қажет. Мәселен, бүгінгі заманның өзекті саласының бірі ақпараттық технологияны дамыту ісін осы аймақта қолдануға болады. Біз өзара ашық, білікті жастарды тәрбиелеп, болашаққа сеніммен қарауымыз керек, - деді Президент.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға