Жаңалықтар

Маңғыстауда үшем дүниеге келді

Сәбилер облыстағы осы жылдың алғашқы үшемі
Маңғыстауда үшем дүниеге келді
Фото: inform.kz 27.01.2023 00:35 1141

Маңғыстауда осы жылдың алғашқы үшемі дүниеге келді, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сәбилерге Ясмина, Алина, Адина есімдері берілген.

Мұнайлы ауданының 24 жастағы тұрғыны Гүлдана Сахи бірден 3 баланың анасы атанды. Көптен күткен нәрестелер «Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы дүниеге келген. Олардың біреуі 1 келі 850 грамм, екеуі 1 келі 600 грамм салмақпен туған.

Қазір нәрестелер емдеп-жетілдірудің екінші сатысында ем қабылдап жатыр. Бөбектердің жағдайы жақсы, салмақ қосып келеді.

Жас ананың жағдайы жақсы. Ана мен сәбилердің өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрі жасалды. Әзірге облыстық «Ана мен бала» перинаталдық орталығында дәрігерлердің бақылауында болады, - дейді Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы директорының орынбасары Шолпан Балмағанбетова.

Айта кетейік, 2022 жылы «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша облысқа 267 квота бөлінген. Нәтижесінде 68 отбасы балалы болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға