Жаңалықтар

Маңғыстауда тұрғыннан 1,6 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды

Маңғыстауда тұрғыннан 1,6 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz 29.12.2022 17:41 764

Маңғыстаулық тұрғыннан 1 миллион теңгеден астам қаржы бопсалаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының тұрғыны өзін қорқытып, ақша талап етіп, бопсалаумен айналысып жүрген азаматқа қатысты полицияға арызбен жүгінді. Жәбірленушіден 1 600 000 теңге көлемінде қаражат талап етілген.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 30 жастағы күдікті ұстады. Тінту жүргізу барысында оның заңсыз әрекеттерін растайтын 200 000 теңге ақшалай қаражат тәркіленді.

Аталған дерек ҚР ҚК 194-бабы 1-бөлігімен СДТБТ-де тіркелді. Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға