Жаңалықтар

Маңғыстауда теңіз жағалауынан өлген итбалықтар табылды

Маңғыстауда теңіз жағалауынан өлген итбалықтар табылды
Фото: Бейнежазбадан скриншот 08.05.2023 11:45 747

Маңғыстау облысында Каспий теңізі жағалауынан өлі итбалықтар мен балықтар табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Теңіз жануарының өлі ұшасы Түпқараған ауданының орталығынан бір жарым шақырымдай жердегі жағалаудан табылғаны белгілі болды. Тексеру барысында итбалықтардан бөлек, бекіре  мен кефаль балықтарының өлекселері толып кеткені анықталды. Олардың нақты көлемі белгісіз, бірақ жағалуыдң 100 метрден астам бөлігін алып кеткені айтылды.

Маңғыстау облыстық экология департаментінің мамандары оқиға орнына барып, қажетті сынамалардың барлығын алғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта  жануарлар мен балықтардың өлекселері сараптамаға жіберілген. Әзірге экологтар жануарлар мен балықтардың өлімінің алдын ала себептерін атаған жоқ.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға