Жаңалықтар

Маңғыстауда сарапшылар аққулардың құс тұмауынан өлгенін растады

Маңғыстауда сарапшылар аққулардың құс тұмауынан өлгенін растады
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі 10.01.2024 07:21 395

"Микробиология және вирусология ҒӨО" ЖШС мамандары вирусологиялық талдау жүргізу үшін инфекция өршіп тұрған жерде құстардың өлекселеріне патологоанатомиялық зерттеу жүргізді. Тиісті зерттеулер үшін ішкі ағзалардың тіндері алынып, 12 құстан 37 биологиялық үлгі мен жабайы құстардың екі түрі таңдалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Материалды іріктеу және вирусологиялық зерттеулер халықаралық эпизоотиялық бюро ұсыныстары бойынша жүргізіліп отыр. Сарапшылардың қорытындыларғаына сәйкес, құстарда парамиксовирустық, короновирустық және аденовирустық инфекциялары жоқ екенін анықтады.

Эпизоотологиялық мәліметтер мен молекулалық диагностика нәтижелеріне сүйене отырып, Қаракөл көлінде қыстайтын аққулардың өлімі жоғары патогенді H5N1 құс тұмауынан болғанын растады.

Айта кетейік, Қаракөл көлінде 2023 жылдың 21 желтоқсанынан бастап аққулардың жаппай қырылуы басталды. Содан бері 600-ден астам құс өлгені ресми тіркелді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға