Жаңалықтар

Маңғыстауда Құрық ауылын көгалдандыру жұмыстары басталды

Маңғыстауда Құрық ауылын көгалдандыру жұмыстары басталды
Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация қызметі 25.03.2024 15:19 307

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамының қарсаңында Қарақия ауданы Құрық ауылындағы «М.Жолболдин» саябағында 50-ге жуық тал көшеттері отырғызылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған көктемгі шараға аудан әкімі Сымбат Төретаев, аудандық мәслихат төрағасы, аудандық орталық мешіттің бас имамы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, құқық қорғау органдары, аудандағы барлық мекеме, кәсіпорын, бөлім басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Көктем – табиғаттың жаңарып, тіршілік қайта жанданатын мезгіл. Ұлық мейрам – Ұлыстың ұлы күні де жаңару, жаңғыру ұғымдарынан құралған. Осы мезгілде табиғат түрленіп, тіршілік қайта жанданады. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке. Тал көшеттерін отырғызу ежелден келе жатқан дәстүр. Еккен көшеттеріміз мәуелі бәйтерекке айналсын!, - деді аудан басшысы Сымбат Төретаев. 

Айта кетейік, аудан аумағында тал көшеттерін отырғызу жұмыстары ұйымдастырылып жатыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға