Жаңалықтар

Маңғыстауда Қаратұрын кен орнындағы өрт себебі анықталды

Маңғыстауда Қаратұрын кен орнындағы өрт себебі анықталды
04.11.2023 09:22 725

Маңғыстаудағы Оңтүстік Қаратұрын кен орнындағы өрттің ресми себептері жарияланды. Бұл туралы Атырау облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті сервистік ұйымдармен өткен жиында мәлім етті, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі Ақжайыққа сілтеме жасап. 

Ұңғымалардағы бұрғылау және жөндеу жұмыстары кезінде апатты жағдайларға жол бермеу мақсатында Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінде бұрғылау, жерасты және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізетін сервистік ұйымдармен қауіпті өндірістік объектілерде бақылауды күшейту, технологиялық процестердің апатсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету өнеркәсіптік қауіпсіздікті барынша арттыру бойынша жиын өтті.

Жиында  2023 жылдың 9 маусымында болған Маңғыстау облысындағы Қаратұрын Оңтүстік кен орнындағы №303 ұңғымадағы апатты тексеру қорытындысы жарияланды.

Құрылған комиссия тексеру жүргізіп, апаттың себептері мен мән-жағдайларын анықтады, атап айтқанда қосалқы мердігер «Заман Энерго» ЖШС: 

- ұңғымаларды жобалық құжаттамасыз бұрғылаған;

- жобалық құжаттамаға сәйкес жабдықталмаған бұрғылау қондырғысымен бұрғылау жұмыстарын жүргізген;

- ұңғыма құрылысының технологиялық процесін бақылаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етпеген; 

- апат алдындағы жағдайларды дер кезінде тану және шығарындының алдын алу мақсатында аспапты көтерер алдында ұңғыманы шаймаған;

- түсіру-көтеру операциялары кезінде көтерілген (түсірілген) бұрғылау құбырларының көлеміне сәйкес ұңғымаға құйылған (ығыстырылған) бұрғылау ерітіндісінің көлемін бақыламаған;

- бұрғылау ерітіндісіндегі газдардың концентрациясын бақыламаған. 

Сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы «Бозашы Мұнай» ЖШС мен мердігер «Caspian Drilling» ЖШС:

- бұрғылаудың технологиялық процестеріне дұрыс өндірістік бақылау жасамаған;

- ұңғымаларды салу кезінде бұрғылау ерітіндісін дайындау, өңдеу, салмақтау және тазалау әдістеріне авторлық қадағалау жүргізбеген;

- тиісті бұрғылау қондырғысының жұмысына бақылау жасамаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға