Маңғыстауда өз әкесін стақанмен ұрып өлтірген азаматқа сот үкімі шықты

 ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Өз әкесін стақанмен ұрып өлтірген Маңғыстау облысының тұрғыны он жылға сотталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, былтыр 25 маусымында сағат 23:30 шамасында сотталушы әкесімен алкогольдік ішімдік ішу кезінде жанжалдасып қалған.

Жанжал кезінде сотталушы шыны стақанмен әкесінің бетінен ұрып, кейін әр жерінен ұра берген. Алған жарақатынан әкесі көз жұмды.

Оқиғадан кейін күдікті жасырынып жүрген. Сот оны Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Оқи отырыңыз