Жаңалықтар

Маңғыстауда облысында 2025 жылға дейін су тапшылығы болмайды

Маңғыстауда облысында 2025 жылға дейін су тапшылығы болмайды
Фото: © СЦК 02.06.2023 12:50 1057

Маңғыстау облысында ауыз су мәселесі өте өзекті болып отырғаны белгілі. Әсіресе жаз айында суға қол жеткізу қиындық тудырып отырған көрінеді. Бұл жөнінде облыс әкімі Нұрлан Ноғаев аталған мәселе бақылауда екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңірде ауыз су тапшылығын кезең-кезеңімен шешу мақсатында 2025 жылға дейін су тұшытудың жалпы қуаты тәулігіне 200 мың текше метрге жуық 7 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта облыста ауыз суды тұтыну көлемі 162 мың м3 құрайды. Ал тапшылық әсіресе жазғы кезеңде сезіледі, қажеттілік тәулігіне 77 мың текше метр. Сондықтан қазіргі уақыттан бастап су тапшылығын жоюға байланысты жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр, - деді Нұрлан Ноғаев.

Сондай-ақ осыған қатысты «Қаражанбас» кен орнында қуаттылығы тәулігіне 17 мың текше метрді құрайтын су тұшыту зауыты іске қосылған. Бұған дейін кәсіпорын «Астрахань-Маңғышлақ» құбырынан су алып келген болатын. Нәтижесінде «Астрахан-Маңғыстау» су құбырынан босаған 10 мың текше метр ауыз су Жаңаөзен қаласы, Бейнеу, Жетібай ауылдары тұрғындарының игілігіне пайдаланылуда. Су тапшылығын жою мақсатында жүзеге асып жатқан тағы бір шара «Каспий» су тұшыту зауытының қуатын екі есеге ұлғайту арқылы тәулігіне 40 мың текше метрге дейін жеткізу жоспарланып жатыр. 

2022 жылдың жазғы маусымында қуаттылығы 5 мың текше метр тұшыту қондырғысы пайдалануға берілді. Ал қалған жұмыстар 2023 жылдың соңына дейін аяқталады. Бұдан бөлек Ақтауда жеке инвестордың есебінен тәулігіне 20 мың текше метр су тұшыту қондырғысының құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 10 мың текше метр су алуды жоспарланған, – деді ол. 

Облыс әкімінің сөзінше мемлекет басшысы алға қойған 12 ауылды орталықтандырылған сумен жабдықтау жөніндегі міндеті бүгінде толық орындалған. Нәтижесінде елдімекендерде халықтың ауыз суға қолжетімділігі 96 пайыздан 100 пайызға дейін дейін жеткен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға