Жаңалықтар

Маңғыстауда "МАЭК-тегі энергоблоктың жөндеу жұмыстары аяқталды

Маңғыстауда "МАЭК-тегі энергоблоктың жөндеу жұмыстары аяқталды
Фото: maek.kz 06.07.2023 10:19 1205

Бүгін Маңғыстау облысындағы "МАЭК" ЖШС  ЖЭС №1 энергоблоктың жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Серіктестіктің баспасөз қызметі энергоблоктың 05.51-де толық түрде жұмыс істегенін мәлімдеді. Жөндеу жұмыстары тәулік бойы  MAЭК қызметкерлерінің күшімен жүргізілген. 4 шілдеде кешкілік аталған нысандар апаттан кейін жөндеу жұмыстары басталғаны белгілі болған еді. Сондай-ақ, энергоблок қазандығын суыту үшін біраз уақыт қажет болды.

Кәсіпорынның қызметкерлері оқиға орын алған сәттен бастап энергоблок қазандығындағы жөндеу жұмыстарын тезірек аяқтауға жұмылдырылған болатын. МАЭК мамандарының уақытында жедел іс-қимыл жасауының  арқасында энергоблок жабдықтарына елеулі зақым келмегенін атады.

Нәтижесінде, облыс орталығы мен Маңғыстау облысының елді мекендерінің тұрмыстық тұтынушыларын электрмен жабдықтау бойынша шектеулер болған жоқ. 

3 шілде күні түс ауа қазандыққа беріліп тұрған тоқ деңгейінің күрт өсуіне байланысты "МАЭК" ЖШС ЖЭС-те №1 энергоблогінде мәжбүрлі тоқтап қалған еді.  Аталған жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүргізілген. Дегенмен жөндеу жұмыстары жоспарланған мерзімнен бұрын аяқталып отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға