Жаңалықтар

Маңғыстауда есірткінің ірі партиясы тәркіленді

Маңғыстауда есірткінің ірі партиясы тәркіленді
Фото: © Polisia.kz 20.07.2023 12:19 634

Маңғыстау облысы ПД есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 14 шағын аудан мекенжайы бойынша есірткі заттарын сақтады деген күдікпен 29 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

ҚР ІІМ мәліметінше, тінту барысында күдіктіден 31,70 гр мефедрон бар 33 байлам тәркіленді.

Автокөлік пен пәтерді тінту кезінде тағы 212 байлам мефедрон тәркіленді. Сонымен қатар құрамында псилоцибин бар 5 байлам галлюциногенді саңырауқұлақтар табылды. Күдікті есірткіні жасырған тағы бір орынды өз еркімен көрсетіп, ол жерден де 532,34 гр мефедрон тәркіленді, - делінген мәліметте.

Барлығы 768,38 гр мефедрон және 165,43 гр псилоцибин тәркіленді.

ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша ПД СДТБТ-де тіркелді. Күдікті УҰИ-ға қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға